Үкіметтік комиссия Жаңаөзен қаласында қайтадан жұмысқа алынған мұнайшылармен кездеседі
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өмірзақ Шөкеев жетекшілік ететін үкіметтік комиссия Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда,
деп хабарлады ҚР Премьер- Министірінің баспасөз қызметі.
Алдағы екі күнде әкімдіктегі, «Өзенмұнайгаз» компаниясы, «Ару ана» қонақүйі, «Сулпак» сауда орталығы ғимараттары мен Теңге кентіндегі қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексеру жоспарланып отыр. Комиссия мүшелері сондай-ақ қалалық мәслихаттың депутаттарымен, көше комитеттері мен ПИК өкілдерімен, зардап шеккен нысандардың иелері мен жаңа кәсіпорындарда жұмыс істеуге келісіп отырған жұмыстан босатылған мұнайшылармен кездеседі.