Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінде Ата заңға арналған іс-шара өткізілді

СТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Еліміз егемендік алып, тәуелсіздіктің туы көтерілген күннен бастап-ақ мемлекеттік мүдделердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса қажет болды.
None
None

Осы салада бүгінгі күнге дейін тынбай қызмет атқарып келе жатқан ҚР ІІМ-нің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінде Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл толуына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, салтанатты шеру жүргізілді, деп хабарлайды осы мекеменің баспасөз қызметі.

Салтанатты түрде сапқа тұрғызылған полкта қызметке жаңа қабылданған жас қызметкерлер халық алдында қалтықсыз қызмет атқаруға ант қабылдаса, ІІО-да 10 жылдан астам уақыт қызмет істеп келе жатқан қызметкерлер Ішкі істер министрлігі тарапынан «ІІО-дағы мінсіз қызметі үшін» бірінші және екінші дәрежелі төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ полк басшылығының тарапынан «ІІМ-дегі мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен жеке құрам арасында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер Д. Тұрарқұлов, Ә. Нұрбаева, С.Жәкетаев, М. Бекмұхамбетов марапатталса, біраз қызметкерлер «Алғыс хатқа» ие болды.

Маңызы зор үлкен ғимараттардың қауіпсіздігін сақтауда ерекше бағаланып, Қазақстан Республикасы полицейінің айнасы іспеттес полк қызметкерлерінің мерекелік жиыны Қазақстан Республикасының ән-ұранымен басталып, Қазақстан Республикасының көк байрағына қарап бой түзеп өткен салтанатты шеруімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар