Үкіметтің 2009 жылғы жұмысының басты бағыттары ? жұмыспен қамту, жұмыссыздықтың өсуін болдырмау

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат – Бұдан бұрын хабарланғанындай, ақпанның 2-сінде ҚР Үкіметінің отырысы өтті, онда 2008 жылдың қорытындылары қаралды және алдағы кезеңнің міндеттері белгіленді. ҚазАқпарат Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығы қадағалау агенттігінің 2009 жылға арналған Тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру міндеттері туралы ақпараттық-анықтамалық материалды таратады.
None
None
2009 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІТұрақтандыру бағдарламасы мен іс-қимыл жоспары ауқымында 2009 жылы оларды жүзеге асыру бойынша қалыптасқан жағдайды ескере отырып, мемлекет мына міндеттерді шешумен айналысады: - макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; - қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету; - іскерлік және инвестициялық белсенділікті ынталандыру; - тұтыну сұранысын ынталандыру.Үкіметтің 2009 жылғы жұмысының басты бағыттары ? жұмыспен қамту, жұмыссыздықтың өсуін болдырмау2009 жылдың басты басымдығы жұмыссыздықтың өсуін болдырмау. Бұл үшін іскерлік белсенділіктің ғана емес, жұмыс орындарын құру көзі ретінде шағын және орта бизнесті қолдауға басты назар аударылады. Бұдан басқа тұрақты түрде ірі кәсіпорындарға мониторинг жүргізіледі және балама жұмыс ұсынбай негізсіз қысқартуларға жол бермеу үшін олармен жұмыс жүргізіледі. Халықты қоғамдық жұмыстарға көптеп тарту үшін олардың тізімі кеңейтіледі.Мына бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылады:- Өндіріс көлемінің төмендеуі нәтижесінде босатылған қызметкерлерді толық жұмыспен қамту бойынша ірі компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу және келіссөздер жүргізу.- 2009 жылы шетелдік кәсіби біліктілігі төмен жұмыс күшін тартуға мораторий енгізу және жасырын көші-қонға бақылауды қатайту.- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. - мемлекет қаржыландыратын инфрақұрылымдық, энергетикалық және басқа нысандар ауқымында жаңа жұмыс орындарын құру. - мемлекеттік сатып алуларды қазақстандық жеткізушілерге қарай бағыттау арқасында кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құру. - Төтенше жағдайлар министрлігінің штатын ұлғайту. - кәсіби даярлық жүйесін және кәсіптік-техникалық училищелер желісін дамыту.2009 жылы 348 300 жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейтін 5 785 жобаны жүзеге асыру басталады.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған адамдардың жалпы саны 529 мың адамды құрайды.Үкіметтің 2009 жылғы жұмысының екінші өзекті бағыты ? халықтың әлжуаз жіктерін әлеуметтік қорғау.Мемлекет ағымдағы бюджетте көзделген барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемінде және дер кезінде орындайды.Тұрақтандыру шараларын жүзеге асыруда мемлекет бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу және инфляция деңгейін өткен жылдың деңгейінде сақтау міндетін алға қояды. Бұл үшін көпшілік қолды тауарлардың тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жұмысы жалғастырылады. 2009 жыл ? елдің жаңа үшжылдық бюджеті ауқымындағы әлеуметтік төлемдерді арттыру саясатын жүзеге асырудың алғашқы жылы.Нақты табыстарды сақтау және өмір сүру деңгейін арттыру бөлігінде бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылады және Мемлекет басшысының 2011 жылға қарай еңбекақыны 2 есе арттыру туралы тапсырмасына орай осы жылғы қаңтардың 1-інен бастап ол 25 пайызға өсті. Теміржол көлігі, атом өнеркәсібі, байланыс және электр энергетикасы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің ең төменгі стандарттарын есептеу үшін көбейтілетін салалық коэффициенттерді енгізу жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес ағымдағы жылғы қаңтардың 1-інен бастап 1,6 млн. адамды қамтыған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін кезекті арттыру жүргізілді. - біріншіден, базалық зейнетақы мөлшері 5388 теңгеге дейін ұлғайтылды (өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің 40%-ы); - екіншіден, базалық зейнетақыны қоса есептегенде төменгі зейнетақы мөлшері 15263 теңгені құрады; - үшіншіден, зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері 32121 теңгеге жетті, орташа мөлшері ? 22493 теңге; - төртіншіден, зейнетақы жинақтарын төлеу сәтіне инфляция деңгейін ескере отырып енгізілген міндеттемелердің міндетті зейнетақы жарналарының нақты мөлшерін сақтау үшін Үкімет 1,7 млрд. теңге бөлді. Бұл жинақтау зейнетақы жүйесінің қатысушылары ? 80 мыңнан астам зейнеткердің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейінің арттырылуымен қатар мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері 12%-ға көбейді. Сонымен бірге міндетті әлеуметтік сақтандыру қатысушылары үшін мемлекеттік жәрдемақыға қоса мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдері төленеді. Ағымдағы жылы арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 9%-ға арттырылады. Әлеуметтік қолдаудың негізгі түрлері: -атаулы әлеуметтік көмекті, -тұрғын үй көмегін, -тұрмысы төмен отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақыларды қаржыландыру ұлғаяды.Бұған қоса жергілікті бюджеттерге республикалық бюджеттен 5,7 млрд.теңге қосымша трансферттер бағытталады.Үшінші өзекті бағыт ? шағын және орта бизнесті қолдау.Мына шаралар көзделеді: - жаңа Салық кодексі ауқымында салықтық жүктемені күрт төмендету. - екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу. - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді мемлекеттік кепілдендіру. - «Қазпошта» АҚ аймақтық пошта желілерін пайдалана отырып, ауылдық жерлерде шағын несиелеуді дамыту. - шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуін кеңейту. - бизнесті құру мен жүргізу бойынша рәсімдерді оңайлату, әкімшілік кедергілерді төмендету, лицензиялауды қысқарту. - әкімшілік тексерулерді шектеу. - әрбір облыс орталығында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары желісін құру. Бұдан басқа жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу ауқымында ипотека нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, үлескерлердің құқықтарын қорғау, құрылыс нысандарын аяқтау, атап айтқанда: - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы белгіленген баға бойынша өткізілетін құрылыс нысандарын қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктердің қаражаттарын бөлу, - екінші деңгейлі банктердің несие желілері арқылы кейіннен халыққа ипотекалық несиелерді жылдық 10,5 пайызбен беру үшін еркін баға бойынша сатылатын тұрғын үй құрылысын қаржыландыру. - жалға берілетін тұрғын үй құрылысы. - Астана және Алматы қалаларындағы бітпей қалған нысандардағы пәтерлерді мемлекеттің қатысуымен ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың сатып алуы. - Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне проблемалық нысандар құрылысын аяқтау үшін ақша бөлу. - үлескерлердің құқықтарын заңды түрде қорғауды күшейту.
Соңғы жаңалықтар