Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы өз міндетін толығымен орындады
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы өз міндетін толығымен орындады.
Бұл туралы агенттік тілшісіне сұхбат берген «Экономикалық даму институты» АҚ президентінің міндетін атқарушы Жәмила Бопиева айтты.
2008 жылдың соңында қабылданған аталмыш бағдарламаның 2009-2010 жылдарға есептелінгенін баса айтқан ол: «Сол бір аралықта елдің ішінде де, сырттан да өте көп сын болды. Көпшілігі жоспарды жүйесіз әрі жекелеген шаралары үзік-үзік десе, шетелдік сарапшылар Қазақстанның қаржы жүйесі әлемдік қаржы жүйесімен басым түрде интеграцияланғандықтан дағдарыстан шығуы өте қиын болатындығын болжады», - деді.
Дегенмен қазіргі уақытта еліміздің экономикасы дағдарысқа дейінгі кезеңдегі қарқынына қайта оралғанын айтқан Ж.Бопиеваның пікірінше, оған өткен жылдың қорытындысы бойынша 7 пайыздан астам өсім көрсеткен жалпы ішкі өнім көрсеткіші дәлел бола алады.