Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары еліміздегі жалпы ішкі өнімнің өсімін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік берді

АСТАНА.  11 қазан. ҚазАқпарат -  Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары еліміздегі жалпы ішкі өнімнің өсімін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік берді.
None
None

Бүгін Парламент Сенатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жарлығық капиталын арттыруға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігі»  тақырыбында өткен Үкімет сағатында Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.

«Ғаламдық дағдарыс кезеңінде Үкімет эконимиканың құлдырауын болдырмау және макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында экономиканы қолдау шараларын қабылдады. Атап айтқанда 2007-2008 жылдары республикалық бюджеттен 400 млрд. теңгеден астам қаражат, ал 2009-2010 жылдары ұлттық қордан қосымша 1 трлн. 200 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл шаралар 2009 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі өсімін 1,2 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді министр.

Оның айтуынша, салыстырмалы түрде алып қарағанда, Үкіметтік шаралар өз тиімділігін танытқан. Мәселен, дағдарыс кезеңінде АҚШ-та ЖІӨ-нің төмендеуі 3,5 пайызды, ал Ресейде - 7,8 пайызды құраған болатын.

Сондай-ақ, министр соңғы 3 жылда Қазақстандағы инфляция деңгейі 6-8 пайыздық дәлізде тұрақтағанын атап өтті.

«Бұл көрсеткішке қол жеткізу тек ақша қаражаттарының әсерінен ғана емес, қабылданған қосымша шаралар арқасында болды», - деді Е. Досаев.

Соңғы жаңалықтар