Үкіметтің Екібастұзды дамыту жоспары тұрғындарға не береді
«Екібастұздың кешенді дамуы – бұл жаңа өндірістер ғана емес. Жоғарыда атап өткендей, әлеуметтік салада бірқатар маңызды мәселелер бар. Оларды өңір қаражаты есебінен шешу жоспарланған.
Денсаулық сақтау саласы бойынша кадрлық әлеуетті арттыру және қалалық емхананы жаңғырту арқылы материалдық-техникалық базаны жақсарту жоспарда.
Білім беру саласында барлық 20 мектепке күрделі жөндеу жасалып, балабақшалар қайта жаңартылады. Сондай-ақ, 700-ден астам баланы қамтитын шығармашылық орталықтың құрылысы күтілуде», - деді өңір басшысы.
Әкімнің сөзінше, кешенді жоспарды жүзеге асырудан мынадай нәтижелер күтіліп отыр:
• негізгі капиталға салынатын инвестициялар 737 млрд. теңгені құрайды;
• өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 1 трлн. теңгеден астам деңгейде;
• мемлекеттік қолдау шаралары арқылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға дейін жетеді;
• 16,5 мың жұмыс орны құрылады, оның ішінде тұрақты – 14 мың;
• орта айлық еңбекақы – 321 мың теңгеге дейін өседі;
• қала экономикасының отын энергетика кешеніне тәуелділігін 12,1%-ға төмендету