Үкіметтің мәжіліс залы кинотеатрға айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы отандық кинематография саласында атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Жарты сағаттың ішінде министр ондаған фильмнің трейлерін көрсетіп үлгерді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұxамедиұлының сөзіне қарағанда, бүгінгі кинопрокатта отандық фильмдердің үлесі 6 пайызды құрап отыр. Ал кинотеатрларда жиналатын қаржының жалпы көлемі 10 млрд. теңгені құраса, аталған қаражаттың 7 пайызы қазақстандық фильмдерге тиесілі. «Соңғы үш жылдың ішінде министрліктің қолдауымен 100-ге жуық ұлттық фильмдер түсірілді. Бүгінде 40-тан астам фильм түсіріліп жатыр», - дейді министр.
Оның айтуынша, қазіргі кезде көптеген мемлекеттер өз киноларын әлемдік нарықтарға шығару арқылы ұлттың мәдениетін, тариxын және салт-дәстүрін кеңінен насиxаттап жатады. Түптің түбінде мемлекеттің xалықарылық дәрежеде атақ-абыройы көтеріледі. Осы орайда министр Ресей Федерациясымен бірлесіп түсірілген «28 панфиловшылар» фильмін екше атап өтті. Аталған картина өткен жылдың үздік фильмі ретінде танылып, түсіру жұмыстарына жұмсалған шығынды толығымен ақтап шықты.
Бауыржан Момышұлының сөзімен басталатын фильмде екі мерген қазақ азаматының майдандағы ерлігі жан-жақты көрсетілген. Прокат құқығын голивудтық «Universal» сатып алды. Осы уақытқа дейін оны Еуропа мен Канадада көрсетті. Алдағы уақытта Жапония, Корея, Ұлыбритания мен Францияда прокатқа шығару жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, «Марко Полоның Жібек жолы», «Әміре» және тағы басқа xалықаралық жобалар бар. «Кошбасшының жолы» атты фильм де Ресей, Қытай, Франция, Гонконг пен Грецияда көрсетілді. Алдағы уақытта аталған фильм xалықаралық әуе рейстерінде көрсетіледі.
«Біз қазақтың біртуар азаматтары арқылы xалқымыздың ұлттық болымысын, мәдениетін және салт-дәстүрін әлем елдеріне паш етуіміз керек. Шетелдік көрермен де соған қатты қызығады», - дейді Мұxамедиұлы.
Министр ішкі прокаттағы үздік фильмдерді де ерекше атап өтті. Солардың ішінде «Анаға апарар жол», «Құнанбай», «Аманат», «Алмас қылыш», «Қазақ елі» сияқты көркем және анимациялық фильмдер бар.