ҰҚК Академиясы жиырмасыншы түлектерін шығарып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ҰҚК Академиясында комитет төрағасы Кәрім Мәсімовтің, ұлттық қауіпсіздік органдары ардагерлері мен ата-аналардың қатысуымен курсанттарды шығарып салу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Академиясы жиырмасыншы түлектерін шығарып салды

Бітірушілерге «ұлттық қауіпсіздік лейтенанты» офицерлік атағы берілді.

ҰҚК Төрағасы К.Мәсімов жас лейтенанттарға:

null«Қазақстан қоғамындағы кіршіксіз адалдық және шексіз ерлік, жоғары кәсібилік, Отан алдындағы парыз жолында батыл және жанын қиюға дайын ҰҚК офицерінің бейнесі Сіздердің қызметтеріңізбен байланысты болады», - деп, ақ жол тіледі.  

Кәрім Қажымқанұлы академияның профессорлық-оқытушылық құрамына, сондай-ақ кадрларды дайындауға, көпсалалы жоғарғы оқу орнының қалыптасуы мен дамуына қатысқан барша адамдарға  алғыс білдірді.

nullІс-шара бітірушілердің салтанатты маршымен және «Мен қазақпын» әнінің орындалуымен аяқталды.