ҰҚК: Белшесінен қарызға батқан Т.Төлешев мемлекеттің әкімшілік ресурсын иеленуге әрекеттенген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешев екінші деңгейлі банктер мен трансұлтты қылмыстық топтардың алдында белшесінен қарызға батқаны анықталды. Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев мәлім етті.
None
None

«Қолда бар дәйектерге сүйенсек, Т.Төлешев өзінің қылмыстық тобын «асырау» үшін өте көп қаржы жұмсаған. Айналасына айтқанын жүргізіп өмір сүруді армандаған Т.Төлешев белшесінен қарызға батқан. Ол ҚР екінші деңгейлі банктері мен трансұлттық қылмыстық топтардың алдында да қарыз болған.  Төлешевтің барлық қарызын қоссақ  200 млн АҚШ долларын құрайды»,-деп хабарлады Р.Қарасев.

Р.Қарасевтің айтуынша, дәл осы сәтте Төлешевтің ойына билікті күшпен басып алу идеясы келеді. Т. Төлешев осы жоспары сәтті іске асса, өз бақылауына өтетін әкімшілік ресурс арқылы қарызынан құтылып, отбасы мен бизнесінің шалқыған өмірін қайтарып алуды  көздеген.

«Осылайша, Т. Төлешевтің мемлекеттің қаржысын өз қолыма алсам деген ойы билікті күшпен басып алуға итермелеген»,-деп түсіндірді Р.Қарасев.

Соңғы жаңалықтар