ҰҚК бұрынғы қызметкері 10 млн. теңге жымқырды деп айыпталуда

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық сотында ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы департаментінің бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҰҚК бұрынғы қызметкері 10 млн. теңге жымқырды деп айыпталуда

Ер адам ҚР ҚК 177-бабы, 4-бөлімі Б тармағы, 325-бабы, 1, 3 бөлімдері (ескі редакция) бойынша айыпталуда.

«Сотқа дейінгі тергеу органы сотталушы Д.-ға 2013 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адам бола тұра, қызмет бабын пайдаланып, алдау және сенімге кіру жолымен аса ірі көлемде - 9 миллион 885 мың 423 теңге сомасына бөтен мүлікті ұрлады деген айып тағуда», - деді Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Гауһар Нұрханова.

Одан бөлек, сотталушыға ресми құжаттың көшірмесін жасап, оны қасақана қолданды деген айып тағылды.