ҰҚК із-түзсіз кеткен қызметкеріне қатысты түсініктеме берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті із-түзсіз жоғалған Самат Шәкеевке қатысты оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұдан бұрын әлеуметтік желіде 21 тамыз күні жоғалған ер адамның суреті жарияланған еді. Із-түзсіз жоғалған С.Шакеевтің фактісі Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу аясында Астана қалалық ІІД-мен бірлесіп істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Сондай-ақ ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің деректері жарияланбайды. Олар тергеу мүдделеріне қайшы келмейтін және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты болмаған жағдайда, прокурордың рұқсатымен мүмкін дәрежеде ғана жария етілетіндігі айтылды.