ҰҚК лаңкестікке қарсы орталығындағы отырыста жедел штабтар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде өткен ҰҚК лаңкестікке қарсы орталығының ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының кезекті отырысында республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жедел штабтар жұмысының тиімділігін арттырудың көкейкесті мәселелері,
соның ішінде тұрғындардың көп жиналатын орындарында лаңкестікке қарсы бағыттағы оқуларды өткізу бойынша мәселе ортаға салынды.
Комиссия жұмысына 11 республикалық министрлік пен ведомстволар басшылары мен өкілдері қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің баспасөз қызметінен.
Отырыс қорытындылары бойынша ведомствоаралық комиссия алдағы уақытта азаматтардың қауіпсіздігіне төнетін қауіптерге қарсы тұруға және үйлестірілген іс-қимылдарды одан әрі нығайтуға бағытталған шешім қабылдады.