ҰҚК: Н.Жоламановтан оны қамауға алуға кедергі болатын сырқаттар табылмады
«Жүргізілген тәуелсіз медициналық тексерулер нәтижесінде Н.А.Жоламановта оның тергеу оқшаулағышына қамалуына кедергі болатын дерттердің жоқ екені анықталды. Ол кездесуге шығу, күнделікті серуендеу, сәлемдемелер алу, медициналық-санитарлық көмектер алу тәрізді мүмкіндіктерде шектелмеген», - делінген хабарламада. ҰҚК мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Н.А.Жоламановқа қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болып, түрлі коммерциялық құрылым өкілдерінен пара алды деген 13 эпизод бойынша қылмыстық істің тергеуі аяқталды. «Қазіргі уақытта Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 275-бабына сәйкес айыпталушы мен оның қорғаушыларын қылмыстық істің материалдарымен таныстыру жүргізілуде. Сонымен бірге оларға қылмыстық істің барлық материалдарының көшірмелері оның қосымшаларымен тапсырылды», - деп көрсетілген хабарламада. Еске сала кетейік, Нұрлан Жоламанов 2014 жылдың 27 қазанында ұсталды. Ақмола гарнизонының әскери соты оны 27 желтоқсанға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды.