ҰҚК-нің өкілдері ұйымдасқан қылмыстық топтардың билік басындағылармен ауыз жаласуының алдын алуға күш салуда ? ҰҚК төрағасының орынбасары

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Елбасының тапсырмалары негізінде елдегі әлеуметтік және ұлтаралық қайшылықтардың алдын алу мақсатында барынша күш салуда.


ҰҚК-нің өкілдері ұйымдасқан қылмыстық топтардың билік басындағылармен ауыз жаласуының алдын алуға күш салуда ? ҰҚК төрағасының орынбасары
«Сонымен қатар, біз қазір ұйымдасқан қылмыстық топтардың билік басында отырғандармен ауыз жаласуының алдын алуға күш салып отырмыз», деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қабдулкәрім Абдулқазымов бүгін журналистермен болған кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, комитет өкілдерінің басты бағыт етіп ұстанып отырған мәселелердің бірі - сыртқы күштердің, яғни шет мемлекеттердің баукеспелерінің еліміздегі жағдайға ықпал етуінің алдын алу болып отыр. «Осы орайда айта кететін мәселе, аталған жұмыстардың барлығы өзге елдердің арнайы қызмет өкілдеріне қарсы тұру мен лаңкестікке қарсы күрес шараларымен қатар жүргізілуде. Бұл бағытта қазір ішкі істер органдарымен бірлескен кешенді шаралар ұйымдастырылып отыр. Олардың нәтижесі де жаман емес. Бұл мәселелер төңірегіндегі нақты ақпараттарды Ішкі істер министрлігінің өкілдері жариялайды. Өйткені, ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес бірінші кезекте осы органның құзырындағы мәселе. Ал біз оларға қал-қадерімізше қолғабыс етіп отырмыз», деді ҰҚК-і төрағасының орынбасары.