ҰҚК: Нұрсұлтан Әбішұлының тезірек дерттен айығуына тілектестік білдіреміз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұжымы Елбасының коронавирус дертінен тез айығып кетуін тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұжымы Елбасының коронавирус індетіне шалдыққаны туралы хабарды шын қобалжып, уайыммен қабылдады. Біз Нұрсұлтан Әбішұлына тезірек айығып, күш-қуат жинауына тілектестік білдіреміз» делінген хабарламада.