ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы жыл қорытындысын шығарды

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат. Желтоқсанның 4-де болып өткен Терроризмге қарсы орталық (ТҚО) Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының мәжілісінде ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының 2009 қызметінің қорытындысы шығарылды,

ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы  жыл қорытындысын шығарды

 деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

 Мәжіліске қатысушы 9 республикалық министрлік пен ведомство өкілдері терроризмге және экстремизмге қарсы әрекет ету саласындағы бірлескен іс-шараларды одан әрі жандандыру шараларын талқылады. Комиссия жұмысының жоспары және 2010 жылға арналған республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды өткізу кестесі бекітілді.

 ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары - Терроризмге қарсы орталықтың басшысы генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов өз сөзінде ағымдағы жылда  халықаралық келісімдерді ратификациялау, әрекеттегі заңнаманы жетілдіру, ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік қауіпсіздік негіздерін нығайту бойынша бірқатар салмақты іс-шаралар іске асырылды деп атап өтті.

 ТҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының және ҰҚК облыстардағы Департаменттері жанындағы үйлестіру топтарының тарапынан мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігін нығайту және ықтимал террорлық қауіп-қатерлерге жауап қату механизмдерін жетілдіру бойынша, сондай-ақ стратегиялық және басқа да террорлық тұрғыдан жанды объектілердің террорға қарсы қорғанысын күшейту бойынша жұмыстар жалғастырылды.

 Есеп беру кезеңінде «Запад-Антитеррор-2009» толық ауқымды  республикалық жедел-тактикалық (тамыз, Ақтау қ.) оқу-жаттығуы өткізілді. Жалпы алғанда еліміз бойынша жоспарлы 194 терроризмге қарсы оқу-жаттығу мен жаттығу өткізілді.

 Халықаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша тәжірибе жалғастырылды.

 Мәжіліске қатысқан мемлекеттік органдардың басшылары ТҚО-ның 2009 жылдағы жұмысын қанағаттанарлық деп тапты. Комиссияның шешімімен қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар шара белгіленді.