ҰҚК Төрағасы: Қауіп-қатерлер өршіп тұрған бүгінгі жағдайда діни экстремизм идеологиясына қарсы бірлескен жүйелі жұмыс қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Террорға қарсы орталығының (ТҚО) құрамындағы Бас прокуратура мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшылығының қатысуымен Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі.

ҰҚК Төрағасы: Қауіп-қатерлер өршіп тұрған бүгінгі жағдайда діни экстремизм идеологиясына қарсы бірлескен жүйелі жұмыс қажет

Отырыс барысында жарылғыш заттар, прекурсорлар және ауылшаруашылық тыңайтқыштарын террористік мақсатта қолдануға жол бермеу мәселелері қарастырылды. Аталған саладағы заңнаманы жетілдіру іс-шаралары анықталды.

ТҚО басшысы - ҰҚК Төрағасы Н.Ә. Әбіқаев халықаралық және өңірлік қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндердің өршу жағдайында мемлекет пен қоғам тарапынан терроризм және діни экстремизм идеологиясына қарсы бірлескен жүйелі жұмыстың қажеттігін баса айтты. Террористік қауіп жағдайында барлық жұмылдырылған күштер мен құралдардың жедел әрекет етуге дайындығын ұдайы қамтамасыз ету маңыздылығын ерекше атап өтті.

ТҚО отырысы қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.