Үкімет мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Ұлттық баяндаманы енді Парламентке ұсынады
2024 жылдан бастап Үкімет мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі Ұлттық баяндаманы Парламентке ұсынатын болады.
Бұл туралы Kazinform ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құжат мыналарды қамтиды:
Мемлекеттік активтердің жай-күйі туралы талдамалық ақпарат
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі туралы ақпарат
Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару тетіктерін одан әрі дамыту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстар
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өзге де деректер
Air Astana әуекомпаниясы 2024 жылы IPO-ға шығады
2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның бірқатар активтері, ал 2023 жылы SPO KEGOC бәсекелестік ортаға берілді.
Биыл ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, Air Astana IPO-ға шығару күтілуде.