Үкімет 2024 жылға арналған заң жобалау жоспарын Президент келісуіне енгізеді

Үкімет 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарын Президенттің келісуіне енгізеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Үкімет 2024 жылға арналған заң жобалау жоспарын Президент келісуіне енгізеді
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Үкіметтің келесі жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарында 16 заң жобасын әзірлеу көзделген. Оның 8-і Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ Парламентке 4 жеке заң жобасын енгізу жоспарланып отыр. Солардың ішінде Цифрлық кодекстің жобасын ерекше атап өткім келеді. Онда отандық және үздік әлемдік тәжірибе ескеріліп, цифрландыру саласындағы бірыңғай тәсілдер айқындалады», - деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Осыдан кейін Министрлер кабинеті ұсынылған жоспар жобасын мақұлдады.

«Үкімет Аппараты оны Мемлекет басшысының келісуіне енгізуді қамтамасыз етсін», - деп атап өтті Премьер-Министр.