Үкімет «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға қажетті өзгерістер дайындайды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласына қатысты тапсырма берді.
Мемлекет басшысының айтуынша, инвестициялар мен кәсіпкерлік үшін қолайлы орта ретінде қарастырылған Алатау жедел даму қаласын құрудың зор маңызы көпшілікке айқын болды. Кез келген халықаралық юрисдикцияның ұзақ мерзімді тартымдылығын қамтамасыз ететін басты шарт — тиімді сот жүйесі.
Сондықтан «Алатау» қаласында сот төрелігін жүзеге асырудың жоғары сапасын қамтамасыз ететін сот жүйесі құрылуы тиіс. Коммерциялық дауларды ағылшын жалпы құқығы үлгісіне негізделген инвестициялық сот қарайтын болады.
Арнайы құқықтық режимге қатысты басқа барлық мәселелер азаматтық соттың құзыретіне жатады.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, Үкімет 2027 жылғы қаңтар айының соңына дейін «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға қажетті өзгерістер мен толықтыруларды Құрылтайдың қарауына ұсынуы тиіс.
Айта кетелік Тоқаев инвестор тартудағы жүйесіздікті сынға алған еді.