Үкімет әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын тежеу шараларын қабылдайды

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын тежеу шараларын қабылдайды. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

Маңғыстауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 8 түрі арзандады
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

— Тұтыну тауарлары бағасының тұрақтылығын сақтау маңыздылығын жете түсінеміз және Ұлттық банкпен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды, оның ішінде ішкі нарықты тауарлармен толықтыру, бәсекелестікті қорғау, сыртқы сауда мен тарифтерді реттеуді жалғастырамыз. Осындай әрекеттердің арқасында Қазақстанда 2023 жылы жылдық инфляция 20 пайыздан 9,8 пайызға дейін төмендеген болатын. 2024 жылдың 11 айының қорытындысында 8,4 пайызды құрады, — деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, Үкімет жағдайды қадағалап отыр және әлеуметтік маңызды тауарларға қатысты экономикадағы бағаларды тежеуге бағытталған шаралар қабылдайды.

— Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін жаңа егіннің қоры пайдаланылады. Қысқы және көктемгі маусымаралықта азық-түліктің айтарлықтай қоры қалыптасты. Тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен ауыл шаурашылығы тауарларын өндірушілерінің қоймаларында 820 мың тоннадан астам негізгі азық-түліктің 29 түрі бар. Бұл қорлар сақтау мерзімін ескере отырып, жүйелі түрде толықтырылады және елдің бірнеше айлық қажеттілігін өтеуге қабілетті, — деді Нұрлан Байбазаров.

Соңғы жаңалықтар