Үкімет басшысы: 1 қыркүйекке дейін жылу орталықтары отынмен қамтамасыз етілсін

жылу
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысы Олжас Бектенов алдағы жылыту маусымына дайындық барысының баяу жүріп жатқанын айта келе, бірқатар тапсырма берді.

«Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері өңір әкімдіктерімен бірге жылу көздері мен желілеріне жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейтсін. Екіншіден, аталған екі министрлік пен өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін барлық жылу-электр орталықтары мен қазандықтарын отынмен қамтамасыз етсін. Үшіншіден, 15 қыркүйекке дейін орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде, ал қалған өңірлерде 15 қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жаңа жылыту маусымына толық дайындығын қамтамасыз етіңіздер», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Бұған дейін Премьер-Министр жылу объектілерін жөндеу жұмыстары мерзімінен кешігіп жатқанын сынға алған еді. 

Өз кезегінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылыту маусымына дайындықты әлі бастамаған кәсіпорындарды атады. 

Соңғы жаңалықтар