Үкімет басшысы отандық тауарлардың артық катологтарын жоюды тапсырды

покупки в интернете
Фото: Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – Тауарлардың электрондық каталогы жалпыға бірдей болуы керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

«Қазір қазақстандық тауарлардың бірнеше каталогы бар. Бұл өнімді бір каталог арқылы импорттауға және оны басқа каталогпен отандық өнім ретінде өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Мұндай айла-шарғылар болмауға тиіс. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін халықаралық стандарттарды ескере отырып, Тауарлардың электрондық каталогын жасады», - деді ол.

Премьер-Министрдің пайымынша, ол жалпыға бірдей болуы керек.

«Сондықтан Қаржы министрлігі Сауда министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірге сараптап, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің артық каталогтарын жоюы қажет», - деді Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар
telegram