Үкімет экономиканың үдемелі өсуін қамтамасыз етіп, тиімді жұмыс атқаруы керек - Президент

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, жүйелі реформалар одан әрі жалғасатынын айтты.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Олжас Бектенов Үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есебін тыңдады
Фото: ҚР Үкіметі

- Жоспарымыздың бәрі ойдағыдай орындалады. Алдағы жыл бұдан да табысты болады. Мен Президент ретінде бұған бар күш-жігерімді саламын, - деді Президент.

Осы орайда, Үкімет экономикамыздың үдемелі өсуін қамтамасыз етіп, тиімді жұмыс атқаруы керектігін айтты.

- Жаңа өндіріс орындарын ашып, кәсіп жүргізуге жағдайды жақсарту қажет. Жолдар салуды және коммуналдық мәселелерді шешуді жалғастыру керек. Цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллекті қолдану аясын кеңейту қажет. Диқандарымызға қолдауды күшейту керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаңа мектептер мен ауруханалар салу, мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің мәртебесін көтеру шаралары жалғасатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға қолдау көрсетеді.

Президент құттықтауының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.