Үкімет ХҚКО-лардағы «жәрдемшісымақтардан» қалай құтылмақ
АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың 1-тоқсанында Халыққа қызмет көрсету орталықтарына серіктес ұйымдар енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған.

— Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің жоғары сұранысқа ие болуына байланысты азаматтардың жиналуы байқалады. Бұл «жәрдемшісымақ» деп аталатын бейресми делдалдардың пайда болуына жағдай жасайды. Әдетте олардың қызметі белгіленген талапқа сай келмейді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен ашықтығына теріс әсерін тигізеді, — деді бірінші вице-премьер жауабында.
Оның атап өтуінше, аталған проблеманы шешу үшін мемлекет реттейтін және бақылайтын серіктес ұйым енгізу бойынша жүйесі жұмыс көзделген. Аталған ұйымдар мемлекеттік қызмет көрсету ережесін және Қазақстан Заңдарын қатаң сақтай отырып, азаматтарға көмек көрсететін болады. Бұл тетікті 2025 жылдың 1-тоқсанда енгізу жоспарланған.
— Серіктес ұйым енгізу мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, сонымен қатар бейресми делдардың пайда болуы үшін алғышарттарды жоюға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде азаматтарды қызмет көрсету жүйесіне сенімін нығайтады, — деді Роман Скляр.