Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады. Бұл туралы Kazinform Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

өзгеріс енгізіледі
Фото: gov.kz

Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат есептеу, оларды төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 1-бабының 16-тармағына сәйкес әзірленді. 

Қаулы жобасының жаңа редакциясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» атауы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті» болып өзгертілді. 

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен ағымдағы жылдың 27 желтоқсанына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14845896 бойынша «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады.  

Соңғы жаңалықтар