Үкімет қорғаныс саласындағы екі кәсіпорынды жекешелендіруді ұсынып отыр

әскери техника
Фото: Қорғаныс министрлігі

Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Азамат Бейісбеков қорғаныс саласындағы екі кәсіпорынды жекешелендіруді жоспарда бар екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform

«Бізде қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың біріне озық технологиялары бар инвестор келіп, қосымша инвестиция салса, заңнамаға соны ескеретін өзгеріс ұсынып отырмыз. Нақты ұсыныстарға келсек, жекешелендіру жоспарында бір кәсіпорын бар. Ол – Алматыдағы Киров машина жасау зауыты. Бірақ қазір оған нақты қызығушылық білдіріп отырған инвестор жоқ», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында. 

Сондай-ақ, Жайық бойындағы зенит зауытының жағдайына тоқталды.

«Жалпы қазіргі таңда Оралдағы зенит зауытын жекешелендіру мәселесі қаралады. Ол жақтағы мәселе жайында бұрын да пікір білдіргенмін. Зауыт Жайықтың бойында тұр. Қазіргі таңда өнімнің бәрі Каспийде қолданылады. Сондықтан Каспидің бойында арнайы зауыт салу қажеттігі туындап отыр. Мысалы, қазір Каспийдің кеме зауытын салатын инвестор келіп, жаңа зауыт соғатын болса, оған жаңа технологиялар қолданылады. Ертең біздің зенит құрастырушы зауыт тапсырыссыз қалмасын деп, ондағы адамдар ертең жұмыссыз қалмасын деп инвестор тарту мәселесін жан-жақты қарастырып жатырмыз», - деді вице-министр. 

Соңғы жаңалықтар