Үкімет «ӨзенМұнайГаздың» мұнай өндіру салығын 2,6 пайызға төмендетті

Мұнай газы
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елдегі моноқалалардың энергетикалық кешенін дамыту жөнінде баяндама жасаған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «ӨзенМұнайГаз» компаниясы 2029 жылға дейін жеңілдетілген салықпен мұнай өндіретінін айтты.

«Жаңаөзен қаласында «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Бұл – Маңғыстау облысындағы ірі мұнай өндіруші компаниялардың бірі  Қазіргі уақытта компанияда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания Өзен және Қарамандыбас кен орындарын игерумен айналысады. Өзен және Қарамандыбас кен орындарын пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы 2019 жылдан бастап 3 өндірістік горизонт бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығының 2,6 пайызын төмендетілген ставкасын қамтамасыз етуде», - деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол аталған компания басқа горизонттар бойынша да аталмыш мөлшерлеме бойынша салық төлейтінін айтты.

«Үкімет «Өзенмұнайгаз» компаниясына барлық горизонт үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 2,6 пайыздық жеңілдік ставкасын беру туралы шешім қабылдады, бұл 2029) жылдан бастап мұнай өндіруді жылына 5-тен 5,9 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Соңғы жаңалықтар