Үкімет ірі кәсіпорындармен келіссөз жүргізбекші

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министр Олжас Бектенов Салық кодексінің жобасын қайта жазып, философиясын өзгерту қажет деп есептейді.

үкімет
Фото: Kazinform

7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөніндегі кеңесте ол осындай пайым айтты.

«Сарапшылар мен бизнес қоғамдастықтардың пікірін ескеру қажет. Салық кодексі бизнестің белсенді болуына жағдай жасап, оны ұлғайтуға ынталандыруы керек», — деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін беруді көздейтін бірқатар нақты міндеттерді белгілеп, бірінші вице-премьер Роман Склярға 10 күн ішінде барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорны иелерімен, бірінші кезекте өндіруші салалардағы кәсіпорындармен келіссөздер жүргізуді тапсырды.

«Олар жақын арада жаңа жоғары дәрежеде өңдеу өндірістерін құрудың нақты жоспарларын ұсынулары керек», — деді Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар