15:38, 01 Тамыз 2024 | GMT +5
Үкімет шаруаларға жеңілдетілген несие беру үшін қосымша 400 млрд теңге бөлмекші
АСТАНА. KAZINFORM — Азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,4%-ға артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,7 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына несие берудің жалпы көлемі алғаш рет 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Үкімет жыл басындағы 180 млрд теңге жеңілдікті қаржыландыруға қосымша, шаруаларға жылдық 5%-бен несие беру үшін 400 млрд теңге тартуға жағдай жасады. Бұл саланың негізгі мәселесі — қаржыландырудың жеткіліксіздігін шешеді», — делінген хабарламада.
100 млрд теңге сомасына 65 тауарлы сүт фермасын қаржыландыру басталды, бұл жылына 373 мың тонна қосымша сүт өндірісін қамтамасыз етеді.