Үкімет тиімсіз игерген қаражат мөлшері бір жылда 1,7 есе өскен

АСТАНА. KAZINFORM — Республикалық бюджеттің шығыстары қарыз бен тұтыну шығындарына көбірек жұмсалып жатыр. 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндаған Жоғары аудиторлық палата мүшесі Юлия Энгель осындай мәлімет айтты.

деньги
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

— Шығыстардың құрылымы жинақталған міндеттемелер мен ағымдағы тұтынуға қызмет көрсету жағына біртіндеп ауысып жатқаны көрінеді. Салдарынан даму бюджеті шектеліп жатыр. 2024 жылы бұл көрсеткіш 8,1% болса, 2025 жылы 6,4% болды. Бюджет әкімшілері әзірге толығымен неге басымдық беру керектігін реттей алмай жатыр, — деді ол.

ЖАП мүшесі бюджеттен қаржыландырылатын 75 млрд теңгенің 99 инвестициялық жобасы тізбеден алынғанын атап өтті.

— 683 инвестициялық жобаның 141-і аяқсыз қалған. Бұл жоспардың 25 пайызынан артық. 2025 жылы бөлінген бюджеттің тиімсіз пайдаланылған сомасы 2024 жылғы деңгейден 1,7 есе асып түсті, — деді ол.

Бұған дейін ҰЭМ күзге дейін Салық кодексін жетілдіретін нормаларды әзірлейтіні жазған едік