Үкіметте Qarmet компаниясы жұмысының өзекті мәселелері қаралды

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Qarmet компаниясы жұмысының мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.

Үкімет отырысы
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның тұрақты жұмысын және одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, салық, магистральдық т/ж желісін пайдалану, сондай-ақ экологиялық заңнама нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар отырыста Қарағанды көмір бассейні шахталарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өзектендіру жоспарлары қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.