ҰКП фермерлер үшін 700-ден астам семинар өткізбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық фермерлерді ауыл шаруашылығы саласындағы алдыңғы қатарлы теxнологияларға оқытатын болады. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Дінмұxамед Әбсаттаров мәлім етті.

ҰКП фермерлер үшін 700-ден астам семинар өткізбек

"Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Аграрлық құзырлылық орталығы құрылды. Онда қазір 50-ден астам отандық және шетел сарапшылары жұмыс істеуде. 2016 жылы біз АӨК-нің 25 басым саласы бойынша 10 мың тыңдарман үшін 700-ден аса семинар өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта біз шамамен 400 семинар өткіздік", - деп атап өтті Д. Әбсаттаров.

Оның айтуынша, аймақтарда оқыту жұмыстары 11 шілдеде басталған. Қазіргі уақытта 5 766 адам оқытылды.

Маманның сөзі бойынша, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына фермерлер мен осы саладағы адамдардың біліктілік деңгейінің төмендігі әжептеуір тежеу болып отыр. Олардың басым бөлігі арнайы білім мен тәжірибеге ие емес. Жаңа теxнологияларды игеруге шорқақ.