ҰКП кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімді қолдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды. Бұл туралы ҰКП басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.

ҰКП кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімді қолдайды

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды. Біз Мемлекет басшысы қабылдаған шешімді үлкен қанағаттанушылықпен қабылдадық», - деді А.Мырзахметов. Ол бүгінде әлемдік экономиканың тұрақсыздығын тудырып жатқан сыртқы жағымсыз факторлардың қалыптасып отырғанын атап өтті. «Әлемдік экономиканың және біздің көршілес сауда серіктестеріміздің экономикасы төңірегінде салынып жатқан барлық болжамдар оң пейіл туғызбайды. Бұл экономиканың дамуында күрделі турбуленттілік, өсім қарқындарының төмендеу белгілері, көптеген мемлекеттерде экономиканың кері дамуы, осы елдердегі жұмыссыздықтың өсіп жатқан деңгейі екенін көріп тұрмыз. Сонымен бірге елімізде Қазақстандағы экономиканың тұрақты дамуы үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар бар», - деп атап өтті ол. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанын, инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, жүздеген мың жаңа жұмыс орны құрылатынын айтты. «Мемлекет басшысының бастамасымен шағын және орта бизнесті қолдау бойынша шаралар қабылдануда. Елдің кәсіпкердік қауымдастығы мемлекетіміздің тұрақты әрі ілгерілі дамуына қолдау көрсеткен және көрсете беретін болады. Осыған байланысты біз кезектен тыс ҚР Президенті сайлауын өткізу шешімін толыққанды қолдаймыз. Біз қазір ҚР Президентіне мандатты беру осы мақсаттардың барлығын іске асыруға, осы қиындықтардың барлығын лайықты қарсы алуға мүмкіндік береді деген сенімдеміз. Бұл шағын және орта бизнестегі инвесторлар үшін бағдарды дамыту үшін тұрақты бағыт береді», - деп қорытындылады А.Мырзахметов.