Украин боксшысы әлем чемпионы атанды

КИЕВ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат – Украин боксшысы Вячеслав Сенченко WBA нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта жерлесі Юрий Нужненконы жеңіп шығып, жаңа әлем чемпионы атанды,

Украин боксшысы әлем чемпионы атанды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.12 раундтың қорытындысымен (116-112 және 118-110 ұпай есебімен) Сенченко төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.