Украин елшісі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер, Қызыл Жұлдыз ордені иегерінің туыстарын іздестіруде

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Астана қалалық мемлекеттік мұрағатындағы "Елі ерге сенген, ері елге сенген" атты көрменің ашылуына қатысқан Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николай Селивон өз елінің аумағында жүргізілген қазба жұмыстары барысында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің ордені табылғандығын мәлім етті.
None
None

Елшінің айтуына қарағанда, "Солдатты табу" қоғамдық қозғалысының іздеу отряды қазба жұмыстарын жүргізу барысында Қызыл Жұлдыз орденін тауып алып, оның Қырым аумағында 1943 жылы қаза тапқан қазақстандық жауынгерге тиесілі екендігін анықтаған.

"Таяуда Қырым Жоғарғы Кеңесінің төрағасы маған қаза тапқан солдаттың туыстарын іздестіруге өтініш жасады. Іздеу отряды Қазақстан азаматы, аға сержант Ребристый Алексей Михайловичке тиесілі Қызыл Жұлдыз орденін тауып алған. Ол соғысқа Краснодар әскери комиссариатынан шақырылғанымен, тұрғылықты мекен-жайы: Ақмола қаласы, солтүстік выгон №42 деп көрсетілген", деді Елші өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар