Украина 2011 жылдың ақпан айында Ресейге табиғи газ үшін 1,6 млрд. доллар аударды
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - "Украина мұнай-газы" ұлттық акционерлік компаниясы "Газпром" ААҚ-ға 2011 жылдың ақпанында импортталған табиғи газ үшін 1,6 млрд. доллардан астам қаржы аударды.
Бұл туралы кеше компанияның бұқарамен байланыс басқармасы хабарлады. 2011 жылдың I тоқсанында Украина үшін табиғи газдың бағасы 1 мың текше метрге 264 долларды құрады, деп хабарлайды РБК.
2010 жылдың 21 сәуіріндегі «Украина мұнай-газы» ұлттық акционерлік компаниясы мен "Газпром" ААҚ арасында бекітілген базалық келісімшартқа енгізілген қосымша келісімдерге сәйкес, табиғи газ бағасы мың текше метрге 100 доллар көлемінде жеңілдікпен белгіленді.