Украина 2011 жылы Қарулы күштерді қаржыландыруды 9 пайызға - 1,7 млрд. долларға дейін көбейтеді
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Украина 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы қорғанысқа бөлінетін шығынды 9 пайызға 1,7 млрд. долларға дейін көбейтуге ниет білдіріп отыр. Бұл жөнінде қорғаныс министрлігі қаржы департаментінің директоры генерал-лейтенант Иван Марко брифингте мәлімдеді. Одан бөлек, үкімет 2023 жылға дейінгі әскерді қаржыландыру болжамды көрсеткішін президенттің қарауына жіберген.
Департамент басшысы 2011 жылы қорғаныс ведомствосы жалпы мемлекеттік қордан 1,4 млрд. доллар алуға тиіс екенін атап өтті. Қорды тұрақтандыру бойынша шығындар жоспарланып жатқан жоқ. Егер бюджет осылай қабылданса, онда әскерді қаржыландыру ЖІӨ-нің 1,08 пайызын құрайды.
"Бұл - өте жоғарғы көрсеткіш", - деді И.Марко.