Украина әйелдердің зейнеткерлік жасын ұзартуға шешім қабылдады
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Украина үкіметі әйелдердің зейнеткерлік жасын 5 жылға ұзартуға ниет білдіруде, деп хабарлайды "Интерфакс". Сайып келгенде украиндық әйелдер зейнетке 60 жасында шығады.
Тиісті заң жобасын Украина үкіметі дайындады. «Зейнетақы жүйелерін реформалауды заңнамалық қамтамасыз ету туралы» заң жобасы Жоғары Радада 13 желтоқсанда тіркелді, дегенмен тек 20 желтоқсан күні халыққа жария етілді.