Украина азаматы «Волганың» бензобагында Ресейге 500 млн рубль өткізбек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның мемлекеттік шекара қызметі «Волганың» бензобагына жасырып Ресейге 500 млн рубль өткізбек болған ел азаматын ұстады.

Украина азаматы «Волганың» бензобагында Ресейге 500 млн рубль өткізбек болған

«Мұны 23 наурызда шамамен сағат 13:00 Харьков жасағының шекарашылары тапты. «Гоптовка» өткізу бекеті арқылы «Волга» көлігімен кедендік-шекаралық бақылаудан өткенде автомобильді тексерген шекарашылар Украина азаматының алаңдап, көңіл-күйі бұзылғанын байқады. Сол себепті олар көлікті мұқият тінтіген,- деп хабарлады РИА новости украиналық шекара қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік атап өткендей, бес мыңдық купюрамен 500 млн рубль салынған пакеттің салмағы шамамен 100 кг болуы тиіс. Ал «Волганың» бензобагінің сыйымдылығы 50-75 литрге дейін.