Украина баскетболдан 2015 жылы Еуропа чемпионатын өткізу құқынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат- Украина баскетболдан 2015 жылы Еуропа чемпионатын өткізу құқығынан айырылды, делінген Халықаралық баскетбол федерациясының еуропалық бөлімшесінің ресми Twitter-інде, деп хабарлады Би-би-си.
Мұндай шешімді ұйым кеңесі қабылдады. Еуробаскетбол-2015 жаңа өткізу орны кейін жарияланады.
БАҚ хабарлағандай, чемпионатты ауыстыруға Украинадағы тұрақсыз жағдай себеп болған. «Украинадағы күрделі саяси және экономикалық ахуал еуробаскетболдың өтуіне кедергі болады», - деп мәлімдеген еді наурыз айында турнир басшысы.