Украина билігі жалақыдан басқа төлемдерді тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинада еңбекақы төлемінен басқа, бюджет қаражаты есебінен төленетін барлық төлемдер тоқтатылды, деп хабарлады РБК Украина үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Украина билігі жалақыдан басқа төлемдерді тоқтатты

Сонымен, Украинаның Өңірлік даму және құрылыс министрлігі мен Инфрақұрылым министрлігі, сондай-ақ «Укрзализныця» ұлттық темір жол операторы мен «Укравтодор» компаниясына еңбекақы төлемдерін қоспағанда, кез келген төлемді жүргізуге тыйым салынды. Төлемдерді тоқтату туралы шешімді «өз өкілеттілігі шегінде» вице-премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы Александр Вилкул қабылдады.

«Тек еңбекақы бойынша ғана төлемдер жүргізілетін болады. Басқа баптар бойынша төлемдер жағдайдың түсініксіздігіне байланысты тоқтыла тұрады», - деп хабаралады Украинаның вице-премьерінің кеңсесінен.

Бұдан бұрын Жоғарғы радада «Батькивщина» фракциясының көшбасшысы Арсений Яценюк елде мемлекеттің қалыпты жұмыс жасауы үшін қажетті қаражат жоқ екендігін мәлімдеген.

«Мемлекеттік қазына талан-таражға салынды. Ел банкроттық жағдайда тұр. Мен қазір ағымдағы жылдың аяғына дейін емес, осы айдың аяғына дейін орын алған бюджеттік тапшылық, 10 күн ішіндегі жалақы төлеміндегі кідірістерге қатысты сандарды келтрімей-ақ қояйын. Қарыздық міндеттемелерді төлеу мүмкіндігі жоқ», - деп мәлімдеді бүгін Жоғарғы радада өткен келісілген кеңес отырысында Яценюк.

Осының алдында Украина Президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов елдегі экономикалық жағдайды өте нашар деп бағалаған болатын.

Өз кезегінде, Украинаның Қаржы министрінің міндетін атқарушы Юрий Колобов бүгінгі қаржы саласындағы жағдай өте күрделі болғанымен бақылауда тұрғанын жеткізді. Оның айтуынша, ел билігі АҚШ-тан, Еуроодақтан және халықаралық қаржы ұйымдарынан алынатын жедел көмекке сенім артып отыр. Польша мен АҚШ-тан алғашқы кредиттерді Киев таяу екі аптаның ішінде алудан үмітті.