Украина ДСҰ құрамынан шыққаннан кейін ғана Кедендік одаққа мүше бола алады - Н. Азаров

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - (ДСҰ) құрамынан шыққаннан кейін немесе КО алдындағы міндеттемелер шеңберінде ДСҰ-мен келісімдерді қарастырған жағдайда Кедендік одақ (КО) мүшесі бола алады.
None
None

Бұл туралы Украинаның премьер-министрі Николай Азаров ресейлік «МИР» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Украина тәуелсіз мемлекет ретінде бірқатар халықаралық келісімге отырған. Ол Ресейден бұрын Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Біздің алдымызда бір мәселе тұр: біз ДСҰ құрамынан шығып, Кедендік одақ құрамына кіреміз немесе біз КО алдындағы міндеттемелер шеңберінде ДСҰ-мен келісімдерімізді қарастырамыз. Бұл күрделі әрі тиімсіз іс», - деп атап өтті үкімет басшысы.

Азаровтың айтуынша, бастапқыда Украинаға КО жанындағы бақылаушы болу тиімдірек, деп хабарлайды BNews.kz.

Соңғы жаңалықтар