Украина Еуро-2012 чемпионатына 5 млрд. доллар жұмсады

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Украина жуырда футболдан өткен Еуропа чемпионатына 5 млрд. АҚШ доллар қаржы жұмсады,

Украина Еуро-2012 чемпионатына 5 млрд. доллар жұмсады

деп мәлімдеді елдің инфрақұрылым министрі Борис Колесников. Оның сөзіне қарағанда, 4 млрд. доллар қазынадан алынған, ал 1 млрд. доллар бондтарды сатудан түскен қаржыдан тартылды.

Колесников хабарлағандай, бұл ақшаның 800 млн. доллары ескі нысандарды қайта қалпына келтіруге және жаңасын салуға жұмсалды. Дегемен қаражаттың басым бөлігі жолдар мен басқа да инфрақұрылым нысандарын жаңартуға бағытталды. Министрдің сөзіне қарағанда, чемпионатқа құйылған жеке инвестициялар 4,5 млрд. долларды құрады. Бұл қаражат 70 қонақүйдің құрылысына жұмсалды.

Сондай-ақ ол 6,5 млрд. доллар мөлшерінде қаражат мемлекет инвестициясынан алынғандығын теріске шығарды.