07:58, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Украина газ транзитін бақылау туралы хаттамаға қол қойды
КИЕВ. Қаңтардың12-сі. ҚазАқпарат - Жексенбі күні түнде Украина Ресейден Украина арқылы Еуропаға газ тасымалдау мен жеткізілімді бақылау туралы халықаралық комиссия құру туралы хаттамаға қол қойды.
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы баспасөз мәслихатында Украина премьері Юлия Тимошенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Ресей мен Еуроодақ хаттамаға сенбі күні қол қойған болатын және мониторингілік комиссия құру үшін (нәтижесінде ? транзитті жандандыру үшін) украиналық тараптың ғана қолы жетпей отырған еді. Украина премьерінің айтуынша, хаттамада газ транзитін бақылау үшін Украина аумағына да, сондай-ақ Ресей аумағына да халықаралық сарапшыларды жіберу туралы келісім көрсетілген.