Украина Грекиямен сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге мүдделі - Янукович
АСТАНА. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат - Украина Грекиямен сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге мүдделі.
Бұл туралы кеше осы елге жұмыс сапарымен келген Украинаның президенті Виктор Янукович мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Украинаның БАҚ хабарлағандай, Грекя Президенті Каролос Папульяспен кездесу барысында Виктор Янукович: «Украина Грекиямен әлемдік дағдарыстың салдарынан көрсеткіші белгілі бір дәрежеде төмендеп кеткен екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге мүдделі», - деді.
Януковичтің пікірінше, Украина мен Грекия әлемдік дағдарыс екі елдің инвестициялық ынтымақтастығына кері әсерін тигізбес үшін, күш-жігерлерін бірлесе жұмсау керек.