Украина ІІМ басшысы Киевте милиционерлерге қару қолдануға рұқсат берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина ІІМ басшысы Виталий Захарченко Киевте милиционерлерге жауынгерлік қару үлестіру және оны қолдануға рұқсат беру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады «РИА «Новости» агенттігі.
«Украинаның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жанындағы Террорға қарсы орталықтың жұмысы шеңберінде тиісті бұйрыққа қол қойдым. Құқық қорғаушыларға қару таратылды, олар оны Украинаның «Милиция туралы» заңына сәйкес қолданады», - делінген мәлімдемеде.