Украина қонақүйлерінде бос орын қалған жоқ

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Еуро-2012 кезеңінде Украина қонақүйлерінде бос орын қалған жоқ. деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі. Қалған аздаған орындарға баға кемінде үш, тіпті кейбір жағдайларда - он еседен астам көтерілді.
None
None

Биыл Польшамен бірлесіп, футболдан Еуропа чемпионатын өткізетін Украинада 8 маусым мен 1 шілде аралығында қонақүйлерде тұру бағасының жоғары болуы УЕФА-ны да алаңдатуда. Футбол қауымдастығы егер баға төмендемесе, украин қалаларында шетелдік қонақтар мүлдем болмауы мүмкін деп мәлім етті. Еуропалық футбол басшыларының айтуынша, жанкүйерлер Украинаға матч өтетін күндері ғана келмек. Ал Украина басшылығы сәуірдің аяғына дейін қонақүйлердегі бағаны реттеуге уәде берді.

Киевтің жақсы қонақүйлеріндегі барлық нөмірлер алдын ала брондалған. Украина астанасындағы Riviera on Podol қонақүйіндегі жартылай люкс екі орындық нөмірдің құны бір тәулікке 2,5 мың долларға шарықтап кеткен. Үш жұлдызды қонақүйдің бағасы тәулігіне 500 еуро көлемінде болып отыр. Сондай-ақ Еуро-2012 ойындарын қабылдайтын Харьков, Донецк және Львов қалаларында да қонақүй бағасы едәуір артқан.

Соңғы жаңалықтар