19:48, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Украина қысқы уақытқа ауысуды тоқтатады
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жоғарғы рада Украинаның қысқы уақытқа өтуін тоқтату жөнінде шешім қабылдайды. Бұл туралы Жоғарғы раданың спикері Владимир Литвин мәлім етті, деп хабарлайды Подробности.ua газеті.

«Қаулы жобасы бар, менің ойымша, қысқы уақытқа көшуді тоқтату туралы шешімді біз қабылдаймыз», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, Литвин 300 млн. гривен электр қуатын жоғалтқандығын да тілге тиек етті.
Естеріңізге сала кетейік, Жоғарғы раданың ғылым және білім мәселелері жөніндегі Комитеті Украинадағы сағат тілінің жылына екі рет ауыстырылуын тоқтатуға келісті.