Украина Министрлер Кабинеті жаңа қорғаныс министрін тағайындады
КИЕВ. Маусымның 6-сы. ҚазАқпарат – Украина Министрлер Кабинеті қорғаныс министрінің орынбасары Валерий Иващенконы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары етіп тағайындады.
Кеше Үкіметтің кезектен тыс отырысында осындай шешім қабылданды. Осылайша, Иващенко қорғаныс министрінің міндетін атқарушы болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.Мұның алдында Украина Парламенті қорғаныс министрі Юрий Ехануровты лауазымынан босатқан болатын. Осы шешімді жақтап 363 халық депутаты дауыс берген. Дауыс бергендердің ішінде ? Аймақтар партиясы, Юлия Тимошенко блогы, коммунистер, Литвин блогі және «Біздің Украина ? Халықтық қорғаныс» партиясының бірнеше депутаты бар.